$ 509.75  594.67  6.46

«Сақ болыңыз!»: Пәтер жалдайтын қазақстандықтарға ескерту жасалды

Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз.

Фото: Krisha.kz
Фото: Krisha.kz

Тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиі кездеседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын “бағасы арзан”, “шұғыл жалға беріледі”, “иесі қалада жоқ”, “төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды” деген ұсыныстардан сақ болған жөн.

Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармаңыз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары