$ 509.75  594.67  6.46

Air Astana-да тағы ақау: Алматыдан Қызылордаға ұшқан ұшақ кері қайтты

Жолаушылар қонақүйге орналастырылды.

Фото: Air Astana баспасөз қызметі
Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Алматыдан ұшып, Қызылордаға бағыт алған Air Astana-ның КС985 ұшағы кері оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«13 қаңтарда Алматы – Қызылорда бағыты бойынша ұшып шыққан Airbus A320 ұшағында техникалық ақау мүмкін екенін көрсететін индикатор қосылды. Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік процедураларын сақтай отырып, ұшақты ұшу әуежайына қайтару туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Air Astana.

Ұшақ әуежайға оралғаннан кейін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес инженерлік-техникалық қызмет арқылы тексерілді. Ақаулар анықталған жоқ, ұшақ қайта эксплуатацияға енгізілді.

«Алматыдағы ауа райы және Airbus NEO ұшақтарына қойылатын эксплуатациялық шектеулерге байланысты авиакомпания ұшақты FlyArystan компаниясының ұшағымен алмастыруға мәжбүр болды. Сол себептен рейстің кешігу уақыты ұзарды», – деп атап өтті Air Astana.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 02:34-те қайта ұшып шықты. Жалпы кешігу уақыты – 12 сағат 24 минут.

Кешігу кезінде авиакомпания жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын ұсынды. 36 жолаушының өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ #Air Astana