$ 509.75  594.67  6.46

«Қаншаға келсе де, ана ғой»: 100 жастағы әжейдің жоқтауы жұртты жылатты (ВИДЕО)

Жүрек тебірентер оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары көңіл айтып, түрлі пікір білдірді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қызының қазасын естіп, көз жасына ерік берген әжей жұртты жылатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеода 100 жасқа толған әжейдің қызының қазасын естіген сәтін, қарт кісінің жоқтауын байқауға болады.

Жүрек тебірентер оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары көңіл айтып, түрлі пікір білдірді.

«Әже, бекем болыңыз. Бұл – өмірдің заңдылығы», «Баламен жылатпасын Аллам. Балаларымыз аман болсын!», «Қаншаға келсе де ана ғой, баласы алдында кеткені ең қиыны ғой, амал бар ма! Көріп, өзім жылап отырмын», «Аталатсаң да боталатпа деген, балаң 1-де болсын, 80-де болсын, анаға әркез бала болып қалады ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео