Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Павлодар облысының Ертіс ауылында тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі бала көз жұмды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 8:30 шамасында тіркелген. «101» қызметіне жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жеткен кезде үй толықтай отқа оранған.
Құтқарушылар өрт ішінен үш кәмелетке толмаған баланы алып шығып, оларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, балалардың екеуі ауруханада көз жұмды.
Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар тексеруде.