15.01.2026, 16:20

«Әке ішкіш, шеше опасыз, соңы мынадай»: Танымал журналист трансгендер Нико Нет туралы (ВИДЕО)

Қорқынышты. «Ұяда көрген» «тәрбиесі» анандай болған соң мынандай адам пайда болды.

Журналист Алмас Алтай блогер Нико Неттің не себепті жігіттен қызға айналғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әке ішкіш, шеше опасыз, отбасы берекесіз — күнделікті айқай, төбелес, қираған жиһаз, шағылған ыдыс, жуан жұдырық, ащы айқай!

Ақыры белгілі — ойрандалған отбасы, ойыншық болған тағдырлар, соңы мынадай. Бала күнгі жарақаттары — есейген кездегі ауытқудың басты себептерінің бірі» дейді психологтар. Ол тек жыныстық ауытқу емес, террорлық акт жасағандар да, бірнеше адамды қырып тастағандар да, басқа да жан түршігерлік қылмыс жасаған адамдардың бәрінің балалық шағы мақтарлықтай өтпеген!!!

Бала тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды, сотка мен дидарға тапсырып, тамақ пен киім әпергенге мәз болмауымыз керек!

«Жаман айтпай жақсы жоқ» — осындай тағдырларды көру, білу арқылы өз өмірімізге тәубә дейміз. Алайда, ұрпағымыздың кіммен араласып, кімдердің ортасында өсетінін ойлағанда тыныштық таппай кетеміз. Инстаграмда 2,3 миллион оқырманы бар екен мынау ника дегеннің — не бағып отыр оның бәрі? Не бар? Не қызық?

Қорқынышты. «Ұяда көрген» «тәрбиесі» анандай болған соң мынандай адам пайда болды.

Әр отбасы сақтанатын, етегін қымтап, белін буып, бала бойына осындай түрлі қауіпке тойтарыс берердей тәлім, тәрбие сіңіретін шақта тұрмыз! Сақтансақ қана сақтайды!», — деп жазды журналист.

Еске салсақ, жақында ғана сұхбат берген трансгендер белгілі шенеунікпен кездескенін айтқан еді.

«Оның нақты қай салада жұмыс жасайтынын білмеймін. Ол өте жомарт адам болды. Ол түрлі сыйлықтар сыйлайтын, бірақ оның өз мақсаты болған сияқты. Оған адам сияқты ұнаған сияқтымын. Ол маған көп ақша берді, кейін оны қайтарып беруін талап етті. Сотқа берді, бірақ соттан жеңіліп қалды», — деді Нико Нет.