Композитордың қызы әлі күнге дейін әділдік таба алмай жүргенін айтты.
Жанқош Тұраровтан зәбір көрдім деген Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі желідегі парақшасында жазба жариялап, қоғам назарын тағы да өзіне аударды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Композитордың қызы әлі күнге дейін әділдік таба алмай жүргенін айтты.
"Жаным ауырады, әлі шындығымды дәлелдей алмай жаным шыр көбелек болып тыныштық табар емес. Әділдікке сендім… Ақиқатқа жақ болдым, адал болдым. Бірақ оны тек түсімде ғана көрсем… 8 жыл қор қылған өмірімді қайтар! Пәктігімді қайтар, ұрлықшы, зорлықшы, наркоман, алаяқ Жанхош Жасұланұлы Тұраров!", - деді ол.
Әнару Құрманәлінің сөзінше, танымал боксшы оны жылдар бойы алдаған.
"Ішкі күйімді ешкім түсінбейтін сияқты. Үйден, Анамның қолынан бөпе болып шыққан пәк, таза қыз… Қай қайдағы, лағып жүрген арсыз, ит адамға тап болдым… 9 жыл өмірім құрдымға кетіп, соған тапталып, намыстанып, ішімде 7 жыл сақтап келген ол Жанкөт желептің иттігіне көз жұмған ақымақтығым. Кең жүректілігім мен ақкөңілділігім мені құртты. Ол адамнан зорлық пен қорлықтан басқа ештеңе де көрмедім. Мені лайлады, ластады, таптады. Пәк қызға есірткі беріп, қорғансыз күйге түсіріп пәктігін алатын опытный мошенник! Жанхош клоун и наркоша!", - деп қынжылды Әнару.
Айта кетейік, Әнару Құрманәлі боксшы Жанқош Тұраров өзін зорлады деп айыптап желіні шулатқан еді.