$ 510.43  594.86  6.49

«Үш жыл бойы мазалап жүр»: Асхат Аймағамбетов жұртшылықты жазбасымен ойландырып қойды

Депутаттың Threads желісіндегі  жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа жоба бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутаттың Threads желісіндегі  жазбасы көпшілікті ойландырып қойған еді. 

«Үш жыл бойы бір ой мазалап жүрді. Көп ойландым, талқыладым, асықпадым. Енді шешім қабылданды. Бұл тек жаңа формат емес...», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары депутаттың бұл жазбасына қатысты түрлі пікір жазды. 

«Көп күттірмей, әңгіменің түп-төркініне көшсеңіз», «Подкаст жүргізуді бастағалы жатырсыз ба, Асхат мырза?», «Жүректен шыққан дүние болатыны анық. Сәтті бастама!», «Сізді әрқашан қолдаймыз!», деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

Көпшіліктің ойы дөп келіп, депутат YouTube арнасын  қолға алатынын айтты. 

«Үш жыл бойы ой елегінен өткіздім, әріптестермен талқыладым, барлық тәуекел мен мүмкіндікті сараладым. Нәтижесінде нақты тоқтамға келдім: биылдан бастап өз YouTube-арнамды қолға алып, қалың көрерменге тиісті контент ұсынбақпын.  Бұл арнаның негізгі мақсаты – заңдарды азаматтарға түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізу. Яғни жаңа заң жобалары не үшін қажет, олар адамдарға қандай пайда береді, қабылданған нормалар іс жүзінде қалай жұмыс істейді – осының бәрі арнада ашық айтылады», – дейді. 

Депутат тек заң шығару туралы ақпараттармен шектелмейтінін айтты.  Ол онда қабылданған заңдардың орындалу барысы, партиялық бағдарламалар аясындағы жұмыс және өз тәжірибесіндегі  салалық сараптамалар да қамтылады деп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары