16.01.2026, 10:40

«Екі дипломым бар»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» мамандығын айтып мақтанды (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қандай маман иесі екенін және бүгінде қандай жұмыс істейтінін бөлісті.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман өзіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қандай маман иесі екенін және бүгінде қандай жұмыс істейтінін бөлісті.

“Менің қандай мамандық иесі екенім, қайда оқығаным жайлы, не жұмыс жасайтыным жайлы сұрап жатқан жандарға. Режиссер, педагог хореограф деген 2 дипломым бар. Оған қоса театрда балет актрисасы болып жұмыс жасағаным ол бар. Қазіргі таңда үлкен жобалар мен концерттер ұйымдастырамын”, – деп жазды ол.