16.01.2026, 13:20

70 жастағы әкесін ұрып, соққыға жыққан түркістандық 5 жылға сотталды

Фото: t.me/saryagashinform

16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, ұрып-соққан ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хаабрлайды Sn.kz ақпарат порталы.

16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды.

110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау; 107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.

“Сот жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастыру арқылы айыпталушыны орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деп үкімді оқыды судья.