16.01.2026, 18:20

Үйіне апарып зорлаған: Шымкентте қыз алып қашқан күдікті құрықталды

Фото: видеодан скрин

Ведомство мәліметінше, полиция жәбірленушінің арызына сүйеніп, Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Шымкентте қыз алып қашты, оны некеге мәжбүрледі, зорлады деп айыпталған ер адам ұсталды. Бұл туралы Шымкент Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ведомство мәліметінше, полиция жәбірленушінің арызына сүйеніп, Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Барлық қатысушы полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.