$ 512.16  594.72  6.57

Атырауда жоғалған отбасының балаларын іздеу тоқтатылды

Полиция анықтаған барлық аумақ толық тексерілді.

Фото: Атырау облысы ПД
Фото: Атырау облысы ПД

Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз бен Мирамгүлді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы АқЖайық басылымына сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу тоқтатылғанын мәлімдеді.

Департамент құтқару бөлімшелері облыстық полиция департаментінің ресми өтініші бойынша іздеуге жіберілгенін және ауылды зерттеуге көмектескенін түсіндірді.

"Полиция анықтаған барлық аумақ толық тексерілді. Қазір полиция департаментіне іздеуді жалғастыру туралы жаңа хабарламалар немесе өтініштер түскен жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары