17.01.2026, 12:30

«Жағдайы ауыр»: Рамзан Қадыровтың ұлы жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті

Фото: rferl.org

NIYSO мәліметіне қарағанда, Адам Қадыровтың кортежі жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып кедергіге соқтығысқан.

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозный қаласында жол апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Caucasus.Realities басылымының хабарлауынша, Адам Қадыров жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Ауруханаға апаратын жолдар жабылған.

Алайда, Шешен билігі ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

NIYSO мәліметіне қарағанда, Адам Қадыровтың кортежі жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып кедергіге соқтығысқан.

Нәтижесінде, бірнеше көлік соқтығысып, зардап шеккендер бар. Грозныйда жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіліп, медициналық мекеменің қоршауы күшейтілген.

Сонымен қатар, Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Ан-148-100-ЕМ госпиталь ұшағы Грозныйдан ұшып, Мәскеудегі Внуково әуежайына 01:10-де қонды. Бұл дерек FlightRadar арқылы бақыланған.