$ 512.16  594.72  6.57

Қарағанды облысында екі азамат із-түзсіз жоғалып кеткен

Олар 16 қаңтар кешкі уақытта Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

17 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияға Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 16 қаңтар кешкі уақытта Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген.

Іздеу барысында туыстары Айда қыстауы маңынан көлікті тапқанымен, ішінде ешкім болмаған. Осыдан кейін полиция жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері, тікұшақ және еріктілер тартылды, - делінген ақпаратта.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтар аман-есен табылды. Қазіргі таңда олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары