Мектеп шатырының тең жартысы ұшып кеткен.
Оқиға Алға ауданының Бестамақ ауылында тіркелді. Қатты жел кезінде мектеп шатыры бүлінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметкерлері мектепке көмекке барды, деректі тіркеді. Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан қатты жел кезінде шатырдың қозғалып тұрғанын көруге болады. Кейін мектеп шатырының тең жартысы ұшып кеткен.
— Бейсенбі күні қатты жел болды. Сол күні желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетті. Мектеп шатырының бір жақ бөлігі ұшып кетті. Ол күні балалар онлайн оқыды. Қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары жеткізілді, қалпына келтіру жұмысы басталды. Жұмыс бір аптада аяқталады, оқу процесіне кедергі келтірмейді, — деді Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев.
Бестамақ орта мектебі 70-жылдары салынған. 2023 жылы облыстағы Тірек мектептер қатарына кірді. Мұнда бірнеше оқу кабинеті жабдықталып, облыстағы өзге мектептерге үлгі ретінде көрсетілді.