Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
18 қаңтар күні таңертең Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шықты. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
18 қаңтарда шамамен сағат 9:55-те Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан Үшінші буын зауытының 52-учаскесінде өрт шықты. Өрт ГТГ-1 және ГТГ-2 газ турбиналық генераторлары арасындағы трансформатордың жанында болды.
Мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды.
Өрт сөндіріліп, үшінші буын зауыты қайта айналым режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.