18.01.2026, 19:30

Астанада көпқабатты тұрғын үй отқа оранды

Фото: Pixabay

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖМ. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Сарыарқа ауданының Степан Кубрин көшесінде орналасқан он екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаздың жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел түрде барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

"Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы 23 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.