Қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласында болған.
Бүгін 18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам мерт болған.
— Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.