Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.
"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.
Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.