$ 512.16  594.72  6.57

«Іс қозғалды»: Жаркентте ұлын аяусыз сабаған келіншек ұсталды

Оқиға Жетісу облысы Жаркент қаласында болған екен.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Полиция тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтаған. Осылайша іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйел бөлімшеге жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ал екі бала мән-жай анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылыпты.

Енді қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары