Зардап шеккендер туралы деректер әртүрлі испандық БАҚ-та әрқалай көрсетілген.
Испанияның EFE ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Кордова провинциясының Адамус қаласында екі жүйрдек пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 21 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
БАҚ мәліметінше, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шығып кеткен. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, сол сәтте келе жатқан басқа пойызбен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде екінші пойыз да рельстен шығып кетті.
Апат болған жерден түсірілген бейнежазбалардан соқтығысудан кейін кем дегенде бір вагонның немесе локомотивтің аударылып қалғаны көрінеді.
AFP агенттігі пойызда болған жолаушылардың бірінің:
"Соққының күші жер сілкінісіне ұқсас болды", – деген сөзін келтіреді.
Алдын ала ақпарат бойынша, екі құрамда барлығы 400-ге жуық адам болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл учаскеде пойыздар қозғалысы толығымен тоқтатылды.