$ 512.16  594.72  6.57

«Ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін»: Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел жайлы тың дерек шықты

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жетісу облысында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Комитет хабарлағандай, балалар қазіргі уақытта қауіпсіз жерде. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау ұйымдастырылды.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңнамада белгіленген тәртіппен ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайды. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары