$ 509.63  592.34  6.54

Астана маңында жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды (ВИДЕО)

«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі таратқан алдын ала ақпаратқа сүйенсек, жүргізуші рульде ұйықтап кеткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Бүгін, 20 қаңтар таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы «Астана» ақы алу пунктінде жүк көлігі қоршауға соғылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі таратқан алдын ала ақпаратқа сүйенсек, жүргізуші рульде ұйықтап кеткен.

«Қысқы маусымда жол үстіндегі тәртіп пен мұқият болудың маңызы арта түсетіні белгілі. Ұзақ сапар, шаршау, ұйқының қанбауы – жүргізушінің зейінін әлсіретіп, күтпеген жағдайға ұрындыруы мүмкін», - дейді компания өкілдері.

Сондықтан, жол мамандары ұзақ жолға шыққан жүргізушілер әр 2-3 сағат сайын тоқтап, демалу керек деген кеңес айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары