$ 509.63  592.34  6.54

«Бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді»: Президент көк тудың үйлерде, көліктерде ілінуі туралы

Бұл процесс арнайы норма мен ереже арқылы реттеледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында мемлекеттік туды көлікке қойып жүруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Қазір қоғамда "мемлекеттік туды қайда және қалай пайдалану керек" деген мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл процесс арнайы норма мен ереже арқылы реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді жеңіл, қалай болса солай қолдануға болмайды. Дегенмен патриотизм көрініс тапқан сәтте, қолдау қажет", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар туды үлкен сахнаға алып шығып, үйге ілгенін көргенде қуанатынын жеткізді. 

"Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ елдегі, әсіресе шетелдегі спорттық шараларда көк туымыз желбіреп тұрғанын көргенде қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді", – деп қосты президент. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары