$ 509.63  592.34  6.54

Ақмола облысында шахталардың бірінде ер адамның мәйіті табылды

Мәйіт "Новая" кенішінде табылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахтадан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәйіт "Новая" кенішінде табылған. Полиция марқұмның кім екені белгілі болды дейді.

"Ол 1991 жылы туған Степногорск қаласының тұрғыны. Шахта аумағына заңсыз кірген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық Кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан күзетілетін объектіге заңсыз кіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары