Бұл шешім Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған.
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты қатаң сынынан кейін Шымкентте кадрлық өзгерістер басталғаны байқалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Egovpress Telegram-арнасының хабарлауынша, қаладағы бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметтерінен шеттетілген.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл шешім Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған. Комиссия нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шара қолданылғаны айтылуда.
Қызметінен шеттетілгендер:
Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы;
Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;
Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;
Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;
Бекбердиев Өмірбек Жамалбекович – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.