Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
I дәрежелі «Барыс» орденімен
Имандосов Самұрат Жұманұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы;
II дәрежелі «Барыс» орденімен
Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы
Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
III дәрежелі «Барыс» орденімен
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы
Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы
Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
«Парасат» орденімен
Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы
Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы
Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты
Пономарёв Сергей Михайлович – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сайыров Ерлан Бияхметұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы
Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – «Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры, Астана қаласы
Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы
Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы;
«Ел бірлігі» орденімен
Дементьева Наталья Григорьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты;
«Құрмет» орденімен
Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы
Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы
Әскеров Эмин Халилұлы – «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы
Базартай Жандос Нұртайұлы – «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
Борашов Раббим Байбозұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы – «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы
Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы – «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы
Сарыбай Серік Әбікенұлы – жазушы, Жетісу облысы
Сәдуақасов Серік Тельманұлы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
Тау Сырымбек – кәсіпкер, Алматы қаласы
Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы
Шаталов Никита Сергеевич – Парламент Мәжілісінің депутаты;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы
Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы;
«Шапағат» медалімен
Пак Елена Владимировна – «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін
Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.