$ 507.05  594.82  6.51

«Адамдардың бәрінде аутизм белгілері бар»: психологтың пікірі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Ал статистика бойынша олардың көрсеткіштері жыл сайын 2-3 есеге өсіп келеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Психолог Эльмира Кударова 20-30 жылдан кейін халық арасында аутист, РАС, ЗПРР белгілері бар адамдардың көбейетінін болжады. Психолог қазірдің өзінде адамдардын бойынан аутизм белгілері байқалатынын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Біраз уақыттан кейін аутизм, РАС, ЗПРР қоғамда қалыпты жағдайға айналады. Оны тіпті ауру деп айту да қиын. Себебі ол нейроқабылдауы басқа адамдар. Қазір қаншама аутист балалар бар. Солардың бәрі өседі. Ал статистика бойынша олардың көрсеткіштері жыл сайын 2-3 есеге өсіп келеді.

Енді бір 20-30 жылдан кейін аутистердің саны одан да көп болады. Бұл бүкіл адамзатқа беріліп отырған белгі. Ол дегеніміз өзіңді өзгерту керек дегеннің белгісі. Қазір біздің дәуірдің адамдарының өзі жалғыздықта өмір сүруде. Бәріміз бір-бірімізбен әлеуметтік желі арқылы араласамыз.

Бір-бірімізбен отырып, көзбе-көз сөйлесуден қалдық. Егер ересек адамдардың өзін зерттесек, бәрінде аутизмнің белгілері бар екенін көруге болады. Сондықтан бәрін өзімізден бастауымыз керек», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0