Күдіктінің қылмыстық әрекеттері басталған кезде өгей қыздары алты және сегіз жаста болған.
Түркістан облысының Кентау қаласында ер адам өгей екі қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ер адам ұзақ жылдар бойы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған деп күдіктелуде. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері басталған кезде өгей қыздары алты және сегіз жаста болған.
Түркістан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталғанын растады. Полицияның мәліметінше, арыз 2025 жылдың желтоқсан айында түскен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.