$ 505.71  591.43  6.65

Қарағанды әкімдігі соққыға жығылған Серік Сәпиевке қатысты пікір білдірді

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: ertenmedia
Фото: ertenmedia

Қарағанды облысының әкімдігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бөлімнің мәліметінше, аталған оқиғадан кейін департамент қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 21 қаңтар күні екі ер адам арасында жанжал шыққаны белгілі болды. Кейін бұл оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы негізінде "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тергеліп жатыр.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан алтын медаль жеңіп алған Олимпиада чемпионы. Ал оның орынбасары Дәурен Есімханов самбодан Азия және әлем чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1