26.01.2026, 11:20

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтуде

Фото: Конституциялық сот

Тікелей эфир сағат 10:00-де басталды.

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі:

consot_kz

constcouncil.kz

Конституциялық реформа 2026  

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықта Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру көзделген. Құжатқа сәйкес, комиссия туралы ереже және оның құрамы бекітілді.

Комиссияны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Асимова басқарады. Ал оның орынбасары мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева болса, комиссияның хатшысы болып, президент әкімшілігінің қызметкері Айдар Жарылғанов таңдалды.

Комиссияның құрамына АП, ҰҚК, прокуратура, ұлттық компаниялар қызметкерлері, Парламент және мәслихат депутаттары, әкімдер, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді.