26.01.2026, 13:20

Құрылтайды қазақ тілін жетік білген адам ғана басқарады

Фото: Конституциялық сот

Нормалардың қайсысы қабылданып, қайсысы Ата заңға енбейтінін референдум шешеді.

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Құрылтай төрағасына қойылатын ең негізгі талапты атады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

- Құрылтайды мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны ҚР Президенті ұсынады, - деді ол.

Айтуынша, Конституцияда Құрылтай төрағасының қызметін реттейтін регламент те нақтыланады.

- Ұсыныстармен Құрылтайдың бірінші сессиясын ҚР Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей шақыруы, Құрылтайдың кезекті сессияларын өткізу мерзімі нақтыланған, - деді Нұрлан Бекназаров.

Айта кету керек, бұл айтылып отырған нормалардың бәрі әзірге ұсыныс қана. Нормалардың қайсысы қабылданып, қайсысы Ата заңға енбейтінін референдум шешеді.