26.01.2026, 14:00

Батыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖД күш-құралдары дереу жіберілді. 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қаңтар күні кешкісін Северная көшесінде болды.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖД күш-құралдары дереу жіберілді. 

- Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру барысында үй ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 14 адам, 3 техника жұмылдырылды. 90 шаршы метрді қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Тегтер: БҚО Ақсай өрт