26.01.2026, 16:00

Семейлік зейнеткер полицияның екі көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ер адамның екі көлікке бензин шашып, жағып кеткені анық көрінеді. 

Семей тұрғыны полицияның екі көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның екі көлікке бензин шашып, жағып кеткені анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанып кеткен көліктер учаскелік полицияға тиесілі.

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары көліктерді өртеп жіберген ер адамды тапты.

"25 қаңтар күні сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы қала тұрғыны мас күйінде учаскелік полиция пунктінің алдында "Chevrolet Cobalt" және "Changan" қызметтік көліктерді жағып жіберген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.