26.01.2026, 17:40

«Ауа жетпей, өліп кетсе не болады?»: Құндыз өзіне кім жәбір көрсеткенін айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Руслан Өтепбай келген сәтте Құндыз қорқып, жылап қалғанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде 17жыл құлдықта болған апалы-сіңілілердің бірі Құндыздың аяқ-қолы байланып, жерде қимылсыз жатқан суреті тарады. Оқиғаның мән-жайын білу үшін танымал журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласына жетіп, зерттеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Назгүл мен Құндыз тұрған үйге барып, Құндыздың өзінен кім байлағанын сұрады.

Құндыз өзінің қамқоршысы Зүлфия ханымның жасаған әрекеті екендігін растады.

Руслан Өтепбай келген сәтте Құндыз қорқып, жылап қалғанын көруге болады.

Журналист полиция қызметкеріне істің жай-жапсарын түсіндірді. 

 "Журналист ретінде қинау бабын көріп тұрмын. Қол-аяғы тұсаулып, скотчталған. Егер ауа жетпей өліп кетсе не болады?", – деді ол.

 "Оның мінезін білмейсің, Руслан! Осылар келгелі миыма да, өзіме де тыныштық болмады", – деді қыздардың қорғаушысы Зүлфия Төленова.

 Құндыз байлаулы күйде өте ұзақ жатқанын және денесінің ауырғанын айтты.

 "Егер Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой. Мен өз басым Құндызға сенемін. Аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылымыстық іс көтерілді!", – деп жазды журналист.

Оқырмандар да бұл істі жасаған қамқоршысы Зүлфия екенін, өтірік айтып тұрғанын жазуда. 

"Өтірік сөйлеп тұр мына әйел", "Алып кетсеніші обал болды ғой екі қызға", "Қатты қорқып қалыпты ғой жерге кірейін деп шошып отыр ғой сұмдық қой мынау", "Бейшара қыз тозып кетіпті ғой", - деп жазды желі қолданушылары.