$ 501.79  595.07  6.56

«Қол-аяғым дірілдеп кетті»: Семейде жас қыз өзін аңдыған бейтаныс әйел туралы қорқынышты оқиғасын айтты

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Семейлік бойжеткен өзінің қыр-соңынан қалмай, соңынан ерген бейтаныс әйел туралы оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшеде келе жатқан қыздың артынан бейтаныс әйелдің ілескенін байқауға болады. 

Алғашында әйел басқа бағытқа бет алғанымен, қызды көрген соң, оның соңынан ерген.

Қыз тұрғын үйге кірмек болған сәтте, әлгі әйел де бірге кіруге ұмтылған. Алайда қыз қауіпсіздігін ойлап, бейтаныс адаммен қатар кіруден бас тартып, алдымен әйелдің өтуін өтінген. Осыған ашуланған әйел бейәдеп сөздер айтқан.

Аталған жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

«Түрі де, өзі де қызық екен», «Құдай сақтасын, қандай әйел екен?», «Түнде далаға шықпаңыздаршы, қорқынышты» деп жазуда олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0