$ 502.27  597.15  6.57

Әскердегі тағы бір өлім: Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты

Фото: matrica.kz
Фото: matrica.kz

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген.

Сарбаздың қаза тапқанын бас прокуратура растады.

“27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында”, – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0