28.01.2026, 11:20

«Несіне аға болып жүрмін?!»: Руслан Өтепбай желіде тараған шулы видеоға қатысты пікір білдірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл жайында тележурналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.

Он бес жылдан астам уақыт құлдықта болған ағайынды Құндыз бен Назгүлді тағы да қоныс аударуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында тележурналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.

"Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет. Қазір әлеуметтік желілерде Құндыздың маған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Оған мән бермеулеріңізді сұраймын. Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты - психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Құндыздың еркелігін көтере алмасам, несіне аға болып жүрмін?!", - деп жазды Р. Өтепбай әлеуметтік желіде.