$ 502.27  597.15  6.57

Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы “Адам өлтіру”, “Неке қиюға мәжбүрлеу”, “Сталкинг” баптары бойынша іс қозғалды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты “сталкинг” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Нұрайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, полиция департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің “Сталкинг” бабы бойынша қылмыстық іс тіркеген.

Осылайша, күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің бірден үш бабы “Адам өлтіру”, “Неке қиюға мәжбүрлеу”, “Сталкинг” баптары бойынша іс қозғалды.

Алайда жәбірлеунішлердің адвокаты мұндай құқықтық саралаумен келіспейтінін, айыптау бабының қатаңдатылуын талап еткенін мәлімдеді.

“Әлеуметтік желіде тараған Нұрайдың екі фотосына қарай отырып, күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру” бойынша саралануы тиіс деп есептеймін. Осыған байланысты тиісті өтінішхат жолдадық және жауап күтіп отырмыз”, – дейді адвокат. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0