$ 502.27  597.15  6.57

Астанада ірі жол апаты: 3 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірді.

Фото: Threads/Uaqyt_astana
Фото: Threads/Uaqyt_astana

Астанадағы көпірде үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні кешкі уақытта тіркелді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, Toyota маркалы көліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бетте тікелей бағытта қозғалып келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0