$ 503.9  603.32  6.61

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

2026 жылы наурызда еліміздің тұрғындары жалпы 13 күн демалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Наурыздағы мерекелерге тоқталатын болсақ, көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

8 наурыздағы демалыс күндері:

Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7, 8, және 9 наурыз күндері демалады. 10 наурыз жұмыс күні.

Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.

Наурыз мейрамы:

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2