Нәтижесінде ол 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.
Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғыз боксшысы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтқан Екатерина Биволға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми хабарламаға сәйкес, сот Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Нәтижесінде ол 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.
Айта кетейік, аталған іс 2025 жылдың қазан айында Telegram желісінде жарияланған бейнежазбаға байланысты қозғалған. Бұл материалды Ресей Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері тексерген.
Сараптамалық қорытындыға сәйкес, бейнежазбада қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтылған. Осыған байланысты Екатерина Биволға қатысты "ұлтаралық араздықты жария түрде қоздыру" дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған.