$ 503.9  603.32  6.61

Қалыңмалға берілген көлікті сатудан басталған жанжал кісі өліміне ұласты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық неке қиған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Дағыстанда ер адам жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы жағдай қалыңмалға берілген автокөлікке байланысты шыққан жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық неке қиған. Ер адам қалыңмал ретінде берілген «Лада Приора» көлігін әйелінің келісімінсіз сатып жіберген.

Бұл жағдайға келіспеген әйел полицияға арыз түсірген. Сол күні кешке күдікті «мәселені талқылау үшін» жұбайымен кездескен. Араға бірнеше күн салып, әйелдің мәйіті елді мекен маңынан табылған.

Марқұмның туыстары оның бірінші некесінен үш баласы қалғанын мәлімдеді. Күдікті қамауға алынып, тергеу барысында қылмыс жасағанын мойындаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0