20.08.2014, 10:35

Кендірліде 20-дан астам қонақүй, 8 мың вилла мен коттедждер салынады

Сурет: dknews.kz

Маңғыстау облысындағы Кендірлі курортының алғашқы сатысын іске асыру бойынша «RIXOS» компаниясы тобымен ынтымақтасу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 20 тамызында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастыруымен келіссөз қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «RIXOS» компаниясы арасында Кендірлі курортының бірінші сатысын іске асыру бойынша ынтымақтасу туралы келісімге қол қойды.

Жобаның бірінші сатысын іске асыру шеңберінде, 2 қонақүй (4 және 5 жұлдызды), су паркі және коттедж салу жоспарланған. Бірлесіп жол картасы және қаржыландырудың құрылымдары мен сызбаларын әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр.

«Курорттың жобалық сыйымдылығы 40 мың орынды қамтитын 20-дан астам қонақүй, 8 мың вилла мен коттеджді құрайды. Инвестицияның жалпы мөлшері - 3,3 млрд. доллар. Алдын-ала болжам бойынша 2020 жылға қарсы Кендірлі курорты жыл сайын 640 мың тиуристерді тарта алады. Экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру (70% шетелдік, 30% қазақстандық туристерді) елімізде 54 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, жыл сайынғы кіріс 800 млн. долларды құрайды», делінген хабарламада.

БҰҰ қабылдаған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, кендірлі курорты «4-ұрпақтың» курорттарының жоғарғы стандарты бойынша жүзеге асырылып, тұрақты даму мәнерінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының акімдігі «Кендірлі» курортының инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кендірлі курорттық аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымдарының бірқатар жобаларының ТЭН мен ЖСҚ әзірленіп, «Кендірлі» халықаралық әуежайының ТЭН-і бекітілді.