$ 503.44  593.35  6.55

Депутат ҰБТ жүйесін сынға алды: тестілеу табыс көзіне айналды ма?

Депутат 2025 жылғы негізгі ҰБТ нәтижелерін келтіріп, жағдайдың алаңдатарлық екенін айтты.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Қазақстанда ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін репетитор жалдау қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ашық көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутат 2025 жылғы негізгі ҰБТ нәтижелерін келтіріп, жағдайдың алаңдатарлық екенін айтты. Биыл тестілеуге қатысқан 210 мыңға жуық түлектің тек 76 пайызы ғана шекті балл жинаған. Ал әр төртінші түлек ең төменгі межеден өте алмаған. Орташа нәтиже – 140 мүмкін балдың 69-ы. Бұл шамамен 161 мың оқушының білім деңгейі талапқа сай емес дегенді білдіреді.

Магеррамовтың айтуынша, мұндай көрсеткіштер мектептердегі білім сапасына қатысты жүйелі мәселені көрсетіп отыр. Соның салдарынан ата-аналар баласын ҰБТ-ға дайындау үшін жеке репетитор жалдауға немесе ақылы дайындық орталықтарына жүгінуге мәжбүр. Ал бұған қаржылық мүмкіндігі жетпейтін аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары теңсіз жағдайда қалып отыр.

Депутат бұл жағдайды білімге тең қолжетімділік қағидатына қайшы деп бағалады. Оның сөзінше, ҰБТ төңірегінде қалыптасқан ахуал мемлекеттік білім беру жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, түлектердің болашағына тікелей әсер етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0