06.02.2026, 15:40

Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларына бірқатар тапсырма берді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.