Баламның тағдырын талқандадың.
Әлеуметтік желіде ақтаулық Нұр Ахметқызы есімді блогер бөле сіңлісі мен күйеуінің бірге жатқанын ұстап алғанын айтып, олардың суреттерін жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Threads желісінде ақтаулық блогердің бұл әрекетін сынап жазған желі қолданушы оның видеосы мен фотоларын бөлісті.
Видеода блогердің өз сіңлісімен жылап сөйлесіп: «Сенікі дұрыс емес, Рүстемдікі де дұрыс емес. Бірақ сен менің, баламның тағдырын талқандадың. Кайфушада жатып қойдым деу сылтау емес» деп еңіреп жылайды.
Осы видеоның артынан блогер қыз «Түрін, осы әңгіменің барлығын БД саламын. БД қосылу: 990 тг.»деген хабарлама фотосын салған.
Жұрт бұл жазба мен видеоға қатты реніш білдіріп, «ақша табудың айласы» деп бағалауда.