$ 495.1  583.72  6.46

30-дан астам адам қаза тапты: Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болды

Оқиға жұма намазы оқылып жатқан кезде орын алды.

Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

Исламабадта мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Dawn газеті жазғандай, жарылыс Şehzad Town ауданындағы İmam Bargah мешітінде болды. Оқиға жұма намазы оқылып жатқан кезде орын алды.

Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.

Төтенше қызмет пен полиция қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып, мешіт айналасындағы аумақты тексеріп жатыр. 

Пәкістан Президенті Әсиф Али Зәрдаридің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Зәрдаридің айтуынша, ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және бейбіт азаматтарға жасалған шабуылды "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0