06.02.2026, 21:31

Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады.

Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.