06.02.2026, 23:30

Тұрсын Алагөзовтың ұлы Шымкент сыра қайнату зауытының басшысы болды

Коллаж: SN.kz

Бұл туралы Baiuly Capital холдингі хабарлады.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап Арсен Алагузов Шымкент сыра қайнату зауытының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Бұл туралы Baiuly Capital холдингі хабарлады.

Компания мәліметінше, кадрлық өзгеріс кәсіпорындағы басқару жүйесін жаңарту аясында жүзеге асқан. Зауыттың негізін қалаушы Турсынғали Алагузов тізгінді ұлына тапсырып, өндірісті дамыту мен ауқымды жаңғыртуға басымдық беруді көздеп отыр.

Көктемде кәсіпорында Sidel компаниясының жаңа банкілі құю желісі іске қосылады. Соның нәтижесінде сәуір айының соңына қарай сыра алюминий банкілерде шығарыла бастайды. Ал жаз мезгілінде шыны бөтелкеге арналған заманауи желі пайдалануға беріліп, өнім түрлері мен қаптама форматтары көбейеді.

Бұдан бөлек, зауыт өндірістік қуатын арттыруды жоспарлап отыр. 2026 жылы сыраның табиғи ашыту процесіне қажетті тоғыз жетілдіру сыйымдылығы орнатылмақ. Бұл өндіріс көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Холдинг өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорынның жылдық қуаты 260 миллион литрге дейін жетуі мүмкін. Жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізіліп, шығындарды оңтайландыру мен экологиялық таза технологияларды енгізу көзделген.

Айта кетейік, Шымкент сыра қайнату зауыты Турсынғали Алагузовтың иелігіне 2024 жылы өткен. Мәміле құны шамамен 8 миллиард теңгені құраған.