07.02.2026, 22:30

«Ұлдардың кеудесі өсіп, қыздар ерте жетіледі»: маман тауық етінің зиянын айтып дабыл көтерді

Фото: svpressa.ru

Әсіресе импортталып, яғни сырттан келетін өнімдерге күмән өте көп.

«Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы»  төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарова  бүгінде халық тұтынып жүрген тауық етінің аса қауіпті екенін айтып, дабыл көтерді. Сарапшы азық-түліктің сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Соның бірі - тауық еті. Әсіресе импортталып, яғни сырттан келетін өнімдерге күмән өте көп.

Тәжірибелі маманның айтуынша, тауық балапандарына тез өсу үшін гормоналдық дәрілер береді. Ол етпен бірге ағзаға кіріп жатыр. Гормоналдық дәрілер балалардың физиологиялық дамуына кері әсер етеді.

«Мысалы, қыз балалар уақытынан бұрын тез жетіледі. Ал ұл балаларға тауықтарға салынатын «женские гормоны» басқаша әсер етеді»,  — деді сарапшы.

Маман сырттан әкелініп жатқан тауық етін тұтынбауға кеңес берді. Сатылымдағы тауық еттері небәрі бір-екі айда балапаннан тауыққа айналғандар. 

«Ұлдар қыз сияқты өседі, кеуде пайда болады. Ары қарай айтуға ауыз бармайды», — деді ол. 

Сарапшының ұсынысы, үйде өсірілген тауық етінен басқа тауық еттерін жемеу керек.